jasqazaq.kz

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

31 тамыз, 19:42

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ержан Байтілес 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Egemen Qazaqstan» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілші болып қызмет атқарып, журналистиканың барлық сатысынан өтті.
2008-2011 жылдары республикалық «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды. Кейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.
2019 жылы Президенттің Баспасөз қызметі секторының меңгерушісі, 2021 жылдан 2023 жылға дейін Мемлекеттік кеңесші Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
JQ-Aqparat
Сурет: gov.kz

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу