jasqazaq.kz

Еркіндік пен әдепсіздіктің шекарасынан өтіп кетпейік

15 тамыз, 16:25

Достар, мен бүгін маңызды мәселе көтергім келіп отыр. Ол туралы соңғы уақытта көп айтылып та жүр. Тіпті, мемлекет басшысының сөзінен естіп қалдым. Президентіміз былай деді: «Құқықтық ел болу Ата заңда ғана бекітіліп қойған қағидат емес. Құқық күнделікті күйбең тірліктен басталуы қажет. Бұл – әр адамның жүріс-тұрысы, әдебі, тәртібі, тіпті, мінез-құлқы заңға қайшы болмауы керек деген сөз». Расымен де, ойланатын нәрсе екен.
Менің айтпағым – әйел мен ердің амандасуы. Қарап отырсам, шынымен де кейде қоғамда әдепті сақтамай, бір-бірімен құшақтасып та, белден қысып та, шөлп-шөлпсүйісіп те амандасып жүрген әйелдер мен еректерді жиі кездестіретін болдық. Ол қаншалықты дұрыс?

Осы тұста бала күнімнен санама сіңген бір әдемі әдеп еске түсіп тұр. Туған жерім Қазалы мен көршіміз Арал ауданында әйел адамдарға «сәлембердік» деп амандасатынбыз. Қол алысып жатпайтын едік. Үлкендерден көргеніміз де, үйренгеніміз де – осы. Қандай жарасымды?! Қазір де сол сыйластықтан, сол ізеттен алыстаған жоқ ақұдайларым…

Әрине, ер азамат қыз баласына сыпайылық, ізет танытуы орынды. Бірақ қоғамдық жерде, жұмыста, отырыстарда бас салып құшақтасып амандасудың, шектен тыс қалжыңдасудың қажеті қанша?! Ол біреудің жары, кездесіп жүрген аяулысы болуы мүмкін. Көбіне бұл жайт ескерілмейді.

Сондықтан көпшілік жерде әдепті сақтауымыз керек. Ең бастысы шекараны сақтай білуіміз керек.

Еркіндік пен әдепсіздіктің шекарасынан өтіп кетпесек екен деген базына біздікі. Бұл — бізге жат құбылыс.

«Сәлем – сөздің анасы» деген сөз бар. Ең бастысы сәлеміміз түзу болсын, ағайын!

Дәурен Сейітжанұлы
Facebook парақшасынан

04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді