jasqazaq.kz

Еңбек еткісі келген адамға жұмыс табылады — Олжас Бектенов еңбек министріне тапсырма берді

08 қыркүйек, 12:55

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі жұмыс орындарының қолжетімділігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығына назар аударды, деп хабарлайды jasqazaq.kz .
Олжас Бектенов: «Еңбек нарығындағы жағдай қалай болып жатыр? Қанша вакансия бар? Қандай тенденция жүріп жатыр?» — деп сұрады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жыл басынан бері жұмыс берушілер Электронды еңбек биржасында 845 мың бос жұмыс орнын жариялағанын, оның ішінде 432 мыңы жұмысшы мамандықтарға тиесілі екенін атап өтті.
Оның айтуынша, азаматтардың 60-70%-ы жұмысқа Электронды еңбек биржасы арқылы орналасады. Бұл ретте бос жұмыс орындарының 30-40%-ы толтырылмай қалады. Қолда бар кадрға деген қажеттіліктің орнын толтыру үшін жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартуда. Жыл сайын елімізге 300 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істеу үшін келеді.
«Жалпы, бұл мәселе бойынша біз әкімдіктермен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мансап орталықтарының жұмысы өзгеруде. Қазір қосымша цифрлық жүйені енгізіп жатырмыз»,
— деді Асқарбек Ертаев.
Үкімет басшысы: «Біз жұмысты тоқтатпау үшін шетелден мыңдаған маман тартуға мәжбүрміз. Мұны халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Қоғамда елімізде жұмыс жоқ деген түсінік қалыптаспауы керек. Еңбек еткісі келген адамға жұмыс табылады»,
— деп атап өтті.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу