jasqazaq.kz

Ел қорғау — ердің борышы

10 қыркүйек, 18:41

Бүгін Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының студенттері үшін ерекше әрі тағылымы мол іс-шараға қатысуға мүмкіндік туды. Астана қаласындағы «Жастар» сарайында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған «Ел қорғау – ерлердің ісі!» акциясы аясында 2026 жылғы күзде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылған жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Бұл іс-шара біз үшін жай ғана салтанатты жиын емес, ел қорғаудың қаншалықты үлкен жауапкершілік екенін сезінуге мүмкіндік берген маңызды кездесу болды. Отан шекарасын күзету – ерлікпен қатар, жоғары тәртіпті, табандылықты, жауапкершілікті және елге деген шынайы сүйіспеншілікті талап ететін қасиетті міндет.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының өкілдері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшылық құрамы, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің ардагерлері, генералдар мен офицерлер, сондай-ақ 700-ден астам мектеп оқушысы мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты. Әскери қызмет ардагерлерімен және бүгінгі әскери қызметшілермен жүздесу бізге Отан алдындағы борыштың мәнін тереңірек түсінуге әсер етті. Әсіресе жас сарбаздардың әскери қызметке аттанып, ел шекарасын қорғауға дайындалып жатқанын көру әрқайсымызға үлкен ой салды. Олардың алдында жаңа орта, жаңа міндеттер мен үлкен жауапкершілік тұр. Біз оларға сәттілік тілеп, елге абыроймен қызмет етіп, аман-есен оралуын тіледік.

Патриоттық акция барысында әскери техника мен қару-жарақ үлгілері, әскери киім-кешек түрлері таныстырылып, қатысушыларға әскери қызметтің қыр-сырын жақынырақ көруге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, іс-шараның тәрбиелік мазмұны өнер арқылы да жалғасын тапты. Осындай кездесулер жастардың бойында Отанға деген құрметті, ел алдындағы жауапкершілікті және әскери қызметке деген оң көзқарасты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біз, әскери кафедра студенттері, мұндай іс-шаралардан тек әсер алып қана қоймай, өзімізге үлкен сабақ аламыз.

Әлімжан Алтай, ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды