jasqazaq.kz

Экосананы қалыптастыруға бағытталған танымдық кездесу өтті

08 шiлде, 12:56

Шымкент қаласында тұрғындардың, экологиялық таным көкжиегін кеңейту, қоршаған орта мәдениетін қалыптастыру іс-шаралары одан әрі жалғасын табуда. Бүгін Абай саябағында қалалық жастар ресурстық орталығы «Таза Шымкент» қалдықсыз қала тақырыбында жастармен кездесу іс-шарасын өткізді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған табиғат аясындағы басқосуға ерікті жастар, студенттер, белсенді азаматтар қатысты.
Қоғамда экологиялық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Кездесуде Шымкент қаласы бойынша Экология Департаменті басшысының міндетін атқарушы Дүйсен Құлтілеуов мекеме тарапынан жүзеге асып жатқан жұмыстар, ауаны ластамау, қалдықтарды қайта өңдеу, заңсыз қоқыс орындарын анықтаудағы негізгі көрсеткіштерді көпшілікке баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық ахуалды жақсартуда автоматтандырылған мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Сол арқылы онлайн бақылау жүргізіледі. Департамент басшысының міндетін атқарушы заң талаптарына сай келмеген бірқатар кәсіпорындардың жұмысын тоқтатқанын айта келе, жастарға қаланы таза ұстауға, табиғатты аялауға шақырды.

ASAA жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова да қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялаудың маңыздылығын түсіндірді. Жалпы аталған қоғамдық бірлестіктің ерікті жастары сөзден іске көшіп, қоршаған ортаны қорғауға белсене үлес қосып келеді. Ұйым жетекшісінің мәліметінше, команда қатарында 200-ге жуық іріктеуден өткен ерікті жас бар.
Қазіргі уақытта қалдықтарды қайта өңдеу, қоқысты сұрыптау — күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Бүгінгі танымдық кездесуде эко-тренер және экологиялық білім беру саласындағы сарапшы Владислав Голярко да бұл бағытта танымдық сабақ өткізіп, жастардың экологиялық сауатын арттырды.

Сондай-ақ, іс-шара соңында ерікті жастар саябақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның жақсаруына үлес қосты.
Айта кетсек, қалада эко сананы қалыптастыру бағытында тағылымды іс-шаралар ұдайы өткізілуде. Мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар және эко экскурсиялар тұрақты ұйымдастырылуда. Жалпықалалық сенбіліктерде де тұрғындар тазалыққа үлес қосып, өзінің тұрғылықты жерін таза ұстауға дағдыланып келеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде