jasqazaq.kz

Діни мазмұндағы жарияланымдары үшін Алматыдағы блогер жауапкершілікке тартылды

04 тамыз, 18:03

Заң бұзушылықты Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мониторинг жүргізу барысында анықтады. Осыған байланысты 2026 жылғы 24 шілдеде азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Әкімшілік іс жүргізу барысында азамат өз кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде іс қысқартылған тәртіппен қаралып, оған әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кету керек, бұған дейін аталған блогер сән көрсетілімі кезінде подиумға шыққан қыз балалар туралы жариялаған бейнеүндеуінен кейін қоғам назарын аударған болатын. Ол балалардың мұндай іс-шараларға қатысуын діни тұрғыдан сынға алған. Аталған жарияланым қоғамда түрлі пікірталас туғызды.

Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де материалдарды таратуға тек заңнамада белгіленген орындарда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, мұндай материалдарды ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ орналасқан жерлерін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын арнайы стационарлық үй-жайларда таратуға болады.

Заң талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді