jasqazaq.kz

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға арналған фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

09 қыркүйек, 10:41

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майлар мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке фастфудтың агрессивті жарнамасы мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Ол мұндай жарнаманың зиянды әдеттердің қалыптасуына ықпал етіп, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені арттыратынын атап өтті.

Заңнамалық бастамалардың мақсаты – балаларға маркетингтік ықпалды азайтып, ерте жастан дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру.

«Министрлік құрамында тұз, қант, қаныққан және трансмайлар мөлшері жоғары өнімдердің теле- және радиоарналарда, әлеуметтік желілерде және сыртқы жарнамада жарнамалануын шектеу бойынша ұсыныстар әзірледі. Осы шектеулердің реттеушілік әсерін талдау жұмыстары басталды», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева.

Зерттеу деректеріне сәйкес, 6–9 жастағы балалардың 23%-ында артық салмақ, 6%-ында семіздік бар. Ал жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.

Ұсыныстар халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары ескеріле отырып әзірленді.

Сурет: ЖИ көмегімен жасалды

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу