jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты

30 қазан 2024, 13:02

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бірінші әйелімен ажырасуының себебін айтты.

Nur.kz жазуынша, Данияр Елеусінов боксшы Айдос Ербосынұлына берген сұқбатында жеке өмірі туралы сыр ақтарды. Олимпиада чемпионы қазіргі таңда Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бірінші әйелімен айырылысып кеткені туралы сөз қозғады.

«Ол кезде біз жас болдық, қателіктер де, күнәлар да жасадық. Күнәңді ашып айтуға болмайды дейді ғой. Ол баламның анасы болғандықтан, жаман әңгіме қозғағым келмейді. Мен жақтан да, ол жақтан да бар. Бұйырғаны солай болды. Бірақ қателік бар екен деп ажыраса беру дұрыс емес деп ойлаймын. Алайда бастапқы себеп – дұрыс таңдауда және күнә жасамауда. Бәрі Исламға, тәрбиеге келіп тіреледі», — деді Д. Елеусінов.

Сонымен бірге боксшы төрт әйел алуға қатысты не ойлайтынын айтты.

«Қазір қиын заман ғой. Көбі жағдайың болса ал деп жатады. Бірақ бәйбішеңді сыйлау керек, оның да пікірін сұрау қажет. Дінімізде бұған тыйым жоқ», — деді боксшы.

JQ-Aqparat 

Сурет: Видеодан скриншот
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды