Дүмше мен сауатсыздан сақ болайық

22 шiлде 2016, 16:31

314894

Егер тарихи деректерге жүгі¬нер болсақ, ислам діні Орта Азия аумағына сонау сегізінші ғасырда келгендігі айтылады. Сол уақыттан бері ис¬лам түркі тілдес халықтар, оның ішін¬де қазақ жұрты арасында кең қол¬дау тауып келеді. Ислам – ға¬сыр¬лар бойына ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайна¬сып кеткен дін. Көшпелі халқымыз¬дың дін саласындағы бірлігі әрқашан жарасып келген.

Тарихта қазақ жұртшылығының басқа дін саласына бөлінгендігі орын алмаған. Алайда бүгінгі күні ислам дінінің атын жамылып, оны керісінше, адамдар арасына алауыздық салу үшін қолданып жатқан ағымдар бар. Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдарынан кейін жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты әр түрлі жат діни ағымдар көбейіп, айрандай ұйып отырған ел бірлігіне қауіп төндіруде. Мысық тілеулес ағымдардың ата діні¬мізге, салт-дәстүрімізге, ұлттық салт-санамызға, жалпы елдің бір¬¬¬лігіне тигізер кері әсерлері көп. Олар ел азаматтарының са¬нବсын улау арқылы оларды жеке мүдделеріне пайдалануда. Өкі¬ніштісі – отандастарымыз сырт¬¬¬тан келген идеологияның астар¬лы мақсатын аңғармастан, шынайы дінге қызмет жасап жүрміз деп ал¬да¬нуда. Әрине, олардың ата묬мыш теріс діни бағыттар¬ға құрбан болуларының өзіндік се-беп¬тері бар. Ол себептердің бас¬ты¬сы – діни сауаттың жетіс¬пеу¬ші¬лігі. Дінге қызығушылық та¬ны¬тып жатқан азаматтар, әсір¬есе, жас¬тар дәстүрлі, классика¬лық ислам мен дәстүрлі емес ба¬ғыт¬тарды ажы¬ратар сауаттары болмағандық¬¬¬тан, дін ұстанамыз деген пейілмен жат ағымдарға ұрынып қалуда. Сондай-ақ ді¬ни са¬уатсыздықпен қатар ел азବмат¬¬тарының құқықтық са¬уат¬¬¬сыз¬дықтары байқалып, өзін¬дік кері әсерін беріп жатыр. Нә¬ти¬же¬сінде кейбір азаматтар елі¬міз¬де тыйым салынған діни ұйы쬬¬дар¬дың қызметіне араласып, заңды жауапқа тартылуда. Мы¬¬¬сବлы, кейбір отандастарымыз елі-мізде тыйым салынған «Та¬бли¬ғи жамағат» атты діни ұйымның қызметіне қатысамын деп, жа¬уапқа тартылды. «Таблиғи жа¬ма¬ғат» халықаралық діни ұйымын 2013 жылы Астана қаласы прокуратурасының арызы бойынша Сарыарқа аудандық соты экстремистік деп танып, ел аумағында қызмет етуге тыйым салды. Таблиғи жамағаттың негізін қалаған – Мұхаммед Ілияс Әл Кандахлауй деген кісі. 1926 жылы Үндістанда бастау алған бұл ұйым әлемнің шамамен 150 еліне, соның ішінде Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Батыс Еу¬ропа мемлекеттері, АҚШ және Кеңес Одағы¬ның құрамында болған ел¬дер¬¬ге таралған. «Таблиғи жама¬ғат» ұйымының мүшелері жалпы халыққа дінді түсіндіреміз деп топ-топ болып жиналып, елді мекендерді аралап жүреді. Олар ел аралауға шығуды «хұруж» деп атайды. Хуружға шығу¬шы адам отбасын, бала-шағасын қа묬¬¬¬дырып, азы 3 күн, көбі 4 айға кетіп қалады. Осы аралықта ба¬ла-шағасы қараусыз қалады. Ал бұл – дәстүрлі исламға қайшы нәрсе. Себебі ислам дінінде от¬¬басын тағдырдың тәлкегіне қал¬дырып, кетіп қалуға болмай¬ды. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір ха¬ди¬сінде «Қарамағындағы адам¬дарды қараусыз қалдыру адам үшін күнә ретінде жетіп ар¬ты¬ла¬ды» деген. Екінші бір хадисте «Сендердің барлығың бақташысыңдар. Сондықтан әр¬қай¬сысың қарамағыңдағылар үшін жауап бересіңдер» деп қатаң ескерткен. Ислам діні отбасын қам¬тамасыз ету ісінде үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сон¬дай-ақ таблиғи жамағат өкілде¬рінің өздерінің де діни сауатта¬ры төмен болғандықтан, дінді қବте жеткізу ықтималдығы басым. Сондықтан дінді үйрету ісі басқа салалардағы сияқты арнайы мамандануды талап етеді. Дін саласын оқып зерттеу үшін мамандар көп ізденген, соның ішінде ғалымдар бүкіл өмірлерін сарп еткен. Бұдан діннің күрделі сала екендігін, сондай-ақ діннің атынан бір ауыз сөз айтудың өзі үлкен жауапкершілік екендігін аңғаруға болады. Біздің елде ислам дінінің тағылымдарын насихаттап, оларды үйрету арнайы маманданған мешіт имамдарына тапсырылған. Сондықтан да дінді көшедегі әрбір көлденең көк аттылардан емес, сол үшін арнайы тағайындалған дін мамандарынан, яғни мешіт имамдарынан үйрену – аса маңызды іс.

Бек Сенім

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды