jasqazaq.kz

Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады

13 маусым, 12:15

«Chevron Direct Investment Fund Ltd.» (CDIF) жеке компаниясы қазақстандық «KazBoltService» ЖШС (KazBoltService) компаниясымен Қазақстанның Атырау қаласында қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қоса алғанда, күрделі жабдықтар өндіру жөніндегі жаңа өндірістік нысан құрылысына 24 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды көздейтін келісімге қол қойды. Аталған инвестиция зауыт құрылысы мен негізгі өндірістік жабдықтарды сатып алуды қаржыландыруға бағытталады, сондай-ақ Атырау облысында шамамен 300 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.
KazBoltService – 2020 жылы Атырау қаласында құрылған, мұнай-газ саласына қызметтер мен технологиялық шешімдер ұсынатын қазақстандық компания. Компания ASME халықаралық сертификатының «R» және «U» мөрлеріне ие болып табылады. KazBoltService-тің ағымдағы негізгі құзыреттеріне металл конструкциялары мен резервуарларды дайындау және монтаждау, болтты қосылыстардың тұтастығын қамтамасыз ету қызметтері, гидростатикалық және пневматикалық сынақтар жүргізу, саңылаусыздық пен тұтастықты тексеру, жабдықтарды тазалау және жуу, сондай-ақ өзге де мамандандырылған қызмет түрлері кіреді.
KazBoltService өндірістік нысанды жобалау мен салу, және оны одан әрі пайдалануды жетекшілікке алады. Ал CDIF, өз кезегінде, жобаның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін қаржылық инвестициялық қолдау көрсетеді.
«CDIF-пен серіктестік KazBoltService компаниясының тұрақты өсу жолындағы маңызды кезең болып табылады. Атырау қаласында құрылған толықтай жергілікті компания ретінде біз өндірістік мүмкіндіктерімізді нығайтуға және Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін сұранысқа ие шешімдерді ұсынуға ұмтыламыз. Аталған жобаны іске асыру біздің өндірістік қуатымызды арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті KazBoltService бас директоры Жаңбырбаев Бекқайыр Аскарұлы.
CDIF Қазақстан экономикасын әртараптандыруды және жергілікті бизнестің тұрақты дамуын қолдауға ықпал ететін коммерциялық тұрғыдан тиімді жобаларға инвестиция салады. KazBoltService компаниясының жобасы осы стратегиялық мақсаттарға толық сәйкес келеді, өйткені ол отандық өндірісті қолдауға, өнеркәсіптік инфрақұрылымды кеңейтуге және ел экономикасы үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруға бағытталған жоба болып табылады.
«CDIF осы өнеркәсіптік жобаны Қазақстанда іске асыру аясында KazBoltService компаниясымен серіктес болуды мақтан тұтады. Бұл инвестиция жергілікті кәсіпорындарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның өнеркәсіптік әртараптандыру стратегиясын одан әрі ілгерілетуге деген біздің ұстанымымызды айқын көрсетеді», – деді CDIF басқарма төрағасы, Дилан Морган.
Жоба қолданыстағы ұлттық заңнама талаптарына, сондай-ақ өнеркәсіптегі мойындалған қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау стандарттарына толық сәйкестікте жүзеге асырылады.
CDIF Қазақстандағы жергілікті өндірістер мен кәсіпорындардың дамуына қолдау көрсету мақсатында экономиканың түрлі секторларына тиімді инвестиция салу үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруды жалғастыра бермек.
JQ-Aqparat

13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка
10 маусым, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»
10 маусым, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
10 маусым, 10:04
Еуразиядағы жаңа әуехаб
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом