jasqazaq.kz

Бүгін — Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

15 тамыз, 13:39

Бүгін, 15 тамызда композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды.
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданына қарасты Шәуілдір (қазіргі Шәмші) ауылында дүниеге келген.
Мектеп бітіргеннен кейін Сарыағаштағы мал дәрігерлік техникумында білім алады.
1951-1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарған.
Әскерден келген соң Мәскеудегі Чайковский атындағы училищеге оқуға түседі. Бірақ анасы науқастанып ауылға шақыртып алған.
1955 жылы Ташкенттегі Хамза Ниязи атындағы музыкалық училищеге музыка теориясы факультетіне қабылданады. Ташкентке іссапармен барған әнші Жамал Омаровамен танысады. Ол Алматыға шақырған соң оқуын бітірмей, Шәмші Алматыға көшіп келеді.
Шәмші Қалдаяқов өмірінің соңында Жамбыл облысындағы Дүнген ауылында тұрған. 1991 жылдың 16 қара­шасында дерті асқынып, ауруханаға түскен. Сол жылдың 29 желтоқсанында композиторға «Қазақстанның Халық әртісі» атағы берілді. 1992 жылдың 29 ақпанында көз жұмды.
2020 жылы ұлы композитордың 90 жылдығына орай өзі туып-өскен Шәмші ауылындағы қара шаңырақтың орнына музейі үйі ашылды. Қазір мұнда ұлы композиторға тиесілі 200-ге жуық жәдігер сақталған.
Өз ғұмырында 300-ден аса ән жазып, өшпес із қалдырған Шәмшінің асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа өтіп, мәңгілік сақталатыны сөзсіз!

Jas Qazaq

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің Телеграм-каналында жарияланған видеодан кадр

04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді