jasqazaq.kz

Боздақтардың рухына құран бағышталып, дұға етіледі

Бүгін, 16:00

2026 жылғы 22 маусымда Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді еске алуға арналған жалпықазақстандық құран бағыштау және діни еске алу рәсімдері өтеді. Бұл іс-шара «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен еліміздің діни қауымдастықтарымен бірлесіп биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр және игі дәстүрге айналды.
Еске алу рәсімдері Қазақстанның барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалаларындағы орталық мешіттерде, православие және католик шіркеулерінде өткізіледі.
Іс-шараларға хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің ұрпақтары, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, ТМД және Еуропа елдерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері, сондай-ақ Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысады.
Іс-шараның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи жадымызды сақтауға ықпал ету. Бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде кең қолдау тапты. Себебі Отан қорғау жолында қаза болған боздақтардың рухына тағзым ету халқымыз үшін әрдайым қасиетті парыз әрі тарихи мұрамыздың ажырамас бөлігі болып қала береді.


«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындарын анықтау және олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру бағытында жүйелі іздестіру, архивтік-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ұйым.


Соңғы 7 жыл ішінде «Atamnyn Amanaty» сайты арқылы іздестіруге қатысты 12 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 4000-нан астам қазақстандық жауынгердің жерленген орындары мен жеке деректері анықталды. Табылған 23 жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізіліп, әскери құрметпен қайта жерленді.
Астана қаласында еске алу рәсімдері төмендегі орындарда өтеді:
• Сағат 12:00-де – «Әзірет Сұлтан» мешітінде (Тәуелсіздік даңғылы, 48);
• Сағат 10:30-да – Успен кафедралдық православие соборында (Күйші Дина көшесі, 27);
• Сағат 18:00-де – Құдай Анасының Мәңгілік Жәрдемі Рим-католик приходында (Жұмабек Тәшенов көшесі, 26).

Әбубәкір Смайылов,
«Atamnyn Amanaty» ҚБ төрағасының орныбасары

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура