jasqazaq.kz

Бішімбаевтің үкімін «жеңілдету» үшін 100 млн теңге алған Г. деген кім?

21 маусым 2024, 23:35

Елорда тұрғыны Бишимбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені жымқыру бойынша күдікті. 
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланысты Агенттік келесіні хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.
Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.
Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Г. есімді азаматша Бішімбаевтің үкімін жеңілдетіп беруге уәде беріп, 100 млн теңгені қалтаға басқаны туралы ақпарат шыққан болатын.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі