Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр

27 наурыз, 12:30

Отандық экономиканың дамуына үлес қосып отырған мегаполистің бірі – Алматы. Қалада, әсіресе, шағын әрі орта бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалған. Осы орайда біз Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаевпен шаһардағы кәсіпкерлікті дамытып, қолдауға арналған бағдарламалар жайында әңгімелестік.

— Берік Бекмырзаұлы, Алматы – республикалық бюджет доноры болып табылатын аймақтардың арасында көш бастап тұр. Қала экономикасының зор қарқынмен дамуында кәсіпкерліктің үлесі қандай?

— Алматы – еліміздің ең ірі доноры деп дұрыс айттыңыз. Кәсіпкерлік бастаманың арқасында, бүгінгі күні қала еліміздің экономикасының шамамен бестен бір бөлігін, бюджеттің төрттен бір кірісін және сауда операцияларының 35 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отыр.

Алматы – іскер адамдардың тарихи қаласы және ол бизнес пен капиталдың орталығы ретінде қалыптасты. Бүгінде шағын және орта бизнес қалалық жұмыспен қамтудың үштен екі бөлігін қамтамасыз ете отырып, өңірлік экономиканың 47,5 пайызын қалыптастырып отыр. Қалада бизнес жүргізудің, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытудың жағдайын жақсарту біздің басымдығымыз болып табылады.

— Алып шаһарда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бизнес Бастау», «Almaty Bussines-2025» сияқты бағдарламалардың орындалу барысын қалай бағалайсыздар?

— Аталған бағдарламаларды дамытуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы кәсіпкерлерге жан-жақты, оның ішінде, қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсетуге бағытталған.
Бағдарлама іскерлік белсенділігі төмен және орташа аудандарда кеңінен танымал болды, оған қаланың 5 ауданы (Алатау, Әуезов, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб) кіреді.

Қаржылық қолдау жылдық 6 пайыз мөлшерлемесімен 500 млн теңгеге дейінгі сомада жеңілдетілген кепілді қарыз беру жолымен көрсетіледі. Бағдарлама шеңберінде сомасы 27,5 млрд теңгені құрайтын 508 жоба қаржыландырылды, 3,6 мың жұмыс орны құрылды.

— Алматыда шағын және орта бизнес субьектілерінің саны жылдан-жылға артып келеді. Оларға қолайлы климат қалыптастыру, түрлі жеңілдіктер қарастыру, орынсыз тексерулерді болдырмау сияқты шаралар жөнінде айтып берсеңіз.

— Алматының қажетті еңбек және инфрақұрылымдық ресурстары бар болғандықтан, бұл оны Қазақстанның ең инвестициялық тартымды өңірлерінің бірі етіп көрсетеді.

Бүгінде біздің Басқарма бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында, қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарының кең жиынтығы тартылған.

Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде, қала келесі шараларды ұсынып отыр:

— жеңілдетілген (кепілдікпен жылдық 6% мөлшерлемесімен 500 млн теңгеге дейін, кепілдіксіз жылдық 12% мөлшерлемесімен 6 млн. теңгеге дейін) несие беру;
— қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені (кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме -8%) субсидиялау;
— инновациялық бизнес-ойларды іске асыру үшін өтеусіз негізде 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру;
— қарыз үшін кепілдік (85 пайызға дейін) беру;
— инвестициялық жобалар үшін жеткіліксіз инфрақұрылымды жүргізу;
— факторингтік мәмілелерді (жылдық 8,5% мөлшерлемесімен 100 млн теңгеге дейін) қаржыландыру;
— бизнес-ойлар пайда болғаннан бастап, қаржыландыруға дейін кеңес беру қызметтерін көрсету;
— резиденттері салық және баж төлемдерінен босатылатын түрдегі артықшылықтармен қамтамасыз етілетін Индустриялық және Арнайы экономикалық аймақ аумақтарында жер учаскелерін беру;
— шағын және орта кәсіпкерлік (шағын өнеркәсіптік парк) субъектілері үшін қол жетімді өндірістік алаңдар беру;
— демалыс күнгі жәрмеңкелердегі сауда орындарын жеңілдікпен жалға беру.

Міне, Алматыдағы кәсіпкерлік саланы қолдау шаралары жаңа жұмыс орындарының ашылуы, салық түсімдерінің көбеюі сияқты оң әлеуметтік-экономикалық салдары бар. Алдағы уақытта да қала әкімдігі қолайлы іскерлік орта құру және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жұмысын жалғастыра береді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева

26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады