jasqazaq.kz

«Балалар үшін жасанды интеллект қауіпсіз болуы керек»: ЮНИСЕФ өкілі жауапкершілік баршаға ортақ екенін айтты

11 тамыз, 22:36
Фото: Олжас Әбдіхалық

Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мустафа Сарвар жасанды интеллект дәуірінде балалардың қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік бір ғана тарапқа жүктелмеуі керектігін айтты.
Алматыда өткен баспасөз кездесуінде ол бала жасанды интеллект арқылы жасалған дипфейкке, кибербуллингке ұшыраған жағдайда жауапкершілік барлық тарапқа ортақ екенін жеткізді:
«Біз бәріміз бұған жауаптымыз. Жасанды интеллектіні балалар үшін қауіпсіз ету – әрқайсымыздың міндетіміз. Үкімет те, ата-ана да, мұғалімдер де, мектеп директорлары да жауапты», – деді Рашед Мустафа Сарвар.
Оның сөзінше, ЮНИСЕФ Қазақстан Үкіметімен цифрлық технологияларды қауіпсіз енгізу бағытында тығыз жұмыс істеп жатыр:
“Ұйым жастарды цифрлық технологияларды этикалық әрі қауіпсіз пайдалануға тартуда. Қазақстандағы 10 мыңға жуық жас волонтер де осы бағыттағы жұмыстарға атсалысып келеді.
Біздің мақсатымыз ауқымды. Біз жасанды интеллектінің балалар үшін қауіпсіз болуын қамтамасыз еткіміз келеді», – деді ЮНИСЕФ өкілі.

Олжас Әбдіхалық

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар