jasqazaq.kz

«Ауыл» партиясының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін мәлімдеді

24 тамыз, 1:46

Ол Президенттің дәйекті саяси бағыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын және қоғаммен ашық диалогты нығайтқанын атап өтті.

Күні бойы партия дауыс беру барысын бақылап, өңірлермен тұрақты байланыста болды. Қайрат Айтуғановтың айтуынша, сайлау тыныш, ашық әрі ұйымдасқан жағдайда, заңнама талаптарына сәйкес өтті.

Қайрат Айтуғанов «Ауыл» партиясының нәтижесін халықтың сенімі әрі үлкен жауапкершілік деп бағалады. Сондай-ақ сайлауға қатысқан барша қазақстандықтарға және партияға қолдау білдірген азаматтарға алғысын жеткізді.

«Сіздердің әрбір дауыстарыңыз – бізге бұдан да көп әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуге берілген аманат. Сайлау аяқталады. Жұмыс жалғасады», – деді партия төрағасы.

Сайлаудың түпкілікті қорытындысын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы шығарады.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар