jasqazaq.kz

Ауруханаға бөлінген демеушілік қаражаттың жымқырылуы: ҚМА Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты тергеу бастады

11 қыркүйек, 9:17

ҚМА-ның Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына демеушілік көмек ретінде бөлінген қаражаттың жымқырылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегімен тергеу басталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы күйік бөлімшесін ашуға демеушілік көмек көрсету туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға өтініш жасаған. Жобаны іске асыруға 223 млн теңге бөлініп, оны «ӨзенМұнайГаз» АҚ «Жарылқау» қоғамдық қорына аударған.

Бастапқыда жоба аясында медициналық жабдықтың сегіз түрін сатып алу және мамандарды оқыту көзделген. Алайда кейін жобаның шарттары өзгертіліп, бөлімшені кешенді түрде жабдықтаудың орнына қоғамдық қор, қалалық аурухана және «AKBS Invest» ЖШС арасында жалпы құны 210 млн теңге тұратын, күйікке шалдыққан науқастарға арналған небәрі екі арнайы кереует сатып алу жөнінде үшжақты шарт жасалған.

Бұл ретте сатып алу заң талаптарын айналып өтіп жүргізілген. Өйткені мұндай бағадағы медициналық техниканы заңнамаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу қажет.

Тергеу дерегінше, заңсыз іске қалалық аурухана директорының орынбасары, «Жарылқау» қоғамдық қорының басшысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары және өнім беруші қатысы бар.

Жабдық сатып алуға небәрі 92 млн теңге жұмсалған. Тергеу нұсқасы бойынша, қалған қаражат үлестес кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, іске қатысушылар арасында бөлінген.

«AKBS Invest» ЖШС өкілі қылмыстық жолмен түскен қаражатқа елордадан пәтер сатып алып, оны үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.

Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегімен тергеу басталды. Үш күдікті қамауға алынды.

Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде 3 пәтерге, 2 тұрғын үйге және автокөлікке тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде