jasqazaq.kz

Әуе рейстеріне ҚҚС алып тасталса, ұшақ билеті арзандай ма?

19 мамыр, 14:29

Елімізде тұрақты әуе рейстері үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) алып тастау ұсынылды. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Нұрлан Сауранбаевтың мәліметінше, 2026 жылы әлеуметтік маңызы бар 24 әуе бағытын қолдауға 6,4 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар туристік бағыттарды дамыту өңірлік рейстердің көбеюіне және ішкі туризмнің дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.
Министр ішкі әуе тасымалын дамыту мақсатында заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылып отырғанын атап өтті. Соның бірі – жергілікті атқарушы органдарға облысаралық әуе рейстерін өз қаражаты есебінен субсидиялауға рұқсат беру. Бұл өңірлер арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, жаңа бағыттардың ашылуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тұрақты әуе рейстері үшін ҚҚС-ты алып тастау бастамасы әуе билеттерінің бағасын төмендетуге ықпал етуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар ішкі әуе тасымалының қолжетімділігін арттырып, жолаушылар ағынын көбейтуге сеп болады.

JQ-Aqparat

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді