Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында «Тоқта, вандал!» акциясы өтті

19 сәуiр, 18:22

Елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Астанада вандализмге қарсы бағытталған «Тоқта, вандал!» акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындары, аудан әкімдіктерінің және қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, мәслихат депутаттары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы жүріп жатыр. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Вандализм жасағандар жазасыз қалмайды.


«Вандализм қоғамның мүлікке зияны тигізуі ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қауіп төндіретінін ескерген жөн. Бұл акция қоғамдық мүліктің бүлінуіне жол бермеуді, сондай-ақ азаматтардың санасы мен жауапкершілігін аттыруды насихаттайды. Жалпы әрбір азамат қала тазалығына немқұрайлы қарамауы қажет. Әсіресе жастар вандализм әрекеттерінің алдын алып, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға атсалысқаны дұрыс», — деді елорданың Жастар саясаты басқармасының басшысы Самат Ибраев.


«Тоқтал, вандал!» акциясы қалада дәстүрлі түрде волонтерлердің қатысуымен өтеді. Оның аясында қоғамдық орындарда рейд өткізіледі. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиных кеңірек тарқатты.
«Саябақтар, аулалар, көшелердегі мүлікті бүлдіретін бұзақылық әрекеттердің алдын алу бойынша тұрақты негізде бас қалада рейд өткізіліп, алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Оның барысында сондай-ақ есірткіні жасырын, бүркемелеп насихаттауға тырысатын көше жарнамалары жойылады. Нашақорлардың көбейе түсуіне есірткіні таратушы мен сатушылардың, насихаттаушылардың үлесі мол. Олар билборд, пилон сияқты жарнама құрылғыларын да, граффити сызбаларды да астыртын пайдаланып, «ұн, «тұз», «кір жуу ұнтағын» сатамыз» деп жалған жарнама беретіні анықталып отыр. Аталмыш әрекеттер үшін жарнама берушілер 2019 жылдан бері Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Соңғы кездері оған жасөпірімдер тарапынан қызығушылық байқалады. Сондықтар осындай рейд не акция барысында жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оларға есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертеміз», — деді С.Ильиных.
Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана сындырғаны, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 100-ге жуық адам жазаланды. Олардың бәрі жауапқа тартылды.
Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау. Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.
JQ-Aqparat

Суреттер: Астана әкімдігі

24 мамыр, 14:41
Түркістан: Келес ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр
23 мамыр, 15:27
Түркістандағы тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, заңды да түсіндіреді
23 мамыр, 15:01
Түркістан: Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет
23 мамыр, 13:55
Түркістан: Ордабасы ауданында профилактикалық шаралар күшейтілді
23 мамыр, 12:35
Теріс пиғылды діни ағымды тек идеологиямен жеңу керек
23 мамыр, 10:55
Түркістан: Кентауда профилактикалық шаралар жалғасуда
22 мамыр, 15:44
Түркістан: Арыс ауданында «Жасөспірім және жауапкершілік» іс- шарасы өтуде
22 мамыр, 15:29
Түркістан: Полиция 180 қылмыстың ізін суытпай ашты
22 мамыр, 12:02
Түркістан: Шардара ауданында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде