jasqazaq.kz

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Бүгін, 19:02

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатымен бірге басылым даналарын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Арнайы басылым шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне берілді.

Жиында Аида Балаева жаңа Конституцияның қабылдануы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы бастаған саяси және қоғамдық жаңғырулардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Үкімет басшысының орынбасары Конституцияның маңызы онда бекітілген құқықтық нормалармен ғана емес, ең алдымен, оның өзегіне айналған құндылықтармен айқындалатынына назар аударды.

«Біз үшін аса маңызды жаңашылдықтың бірі – мәдениет, ғылым және білімнің негізгі конституциялық құндылықтар қатарына енгізілуі. Ұлттық мәдениетті мемлекеттік қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау алғаш рет мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде конституциялық деңгейде бекітілді. Сонымен қатар Конституцияда әрбір азаматтың тарихи-мәдени мұраға ұқыпты қарауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті екені нақты көрсетілген. Бұл мәні терең, маңызы зор өзгеріс. Өйткені мәдени мұраны сақтау – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті әрі жауапкершілігі», – деді Аида Балаева.

Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституцияның идеялық негізінде Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қағидаттары жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында жаңа Конституцияда отбасы институтының құқықтық негіздері нақтыланып, қоғам үшін айрықша маңызы бар құндылықтарды қорғау кепілдіктері күшейтілгені де айтылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданды. Құжат 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс