jasqazaq.kz

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді

Бүгін, 17:52

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында Болашақ ойындары халықаралық мультиспорт турнирі өтеді. Ауқымды додаға 50-ден астам ұлт өкілдері қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар мен командалар бақ сынайды. Сондай-ақ елордаға мыңдаған шетелдік қонақ келеді. Бұл өз кезегінде оқиғалық туризмнің дамуына серпін беріп, Астананың халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі нығайта түседі.
Турнир тек спорт саласы үшін ғана емес, ел экономикасы үшін де маңызды оқиға болмақ. Іс-шара қонақүй бизнесінің, қоғамдық тамақтану, көлік, қызмет көрсету салалары мен шағын кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды жоғары деңгейде өткізе алатын заманауи мемлекет ретіндегі халықаралық имиджін күшейтуге ықпал етеді.
Екі аптаға жуық уақыт бойы Астана дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін сегіз фиджитал дисциплинасы бойынша әлемдік жарыстардың орталығына айналады. Жарыстар елорданың төрт спорт нысанында ұйымдастырылады:
● Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені — Phygital Football UFL, Phygital Basketball, Phygital Fighting
● Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы — MOBA Mobile MLBB Presented, MOBA PC Dota 2
● Beeline Arena Ұлттық теннис орталығы — Battle Royale PUBG: BATTLEGROUNDS, Phygital Shooter CS 2
● «Барыс Арена» мұз айдыны — Phygital Dancing
Ұйымдастырушылар қатысушылардың соңғы құрамын бекітті. Жүлделі орындар үшін халықаралық іріктеу кезеңінен өткен әлемнің үздік командалары мен спортшылары бақ сынайды. Қатысушылар қатарында Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасы елдерінің өкілдері бар.
Билеттерді Freedom Ticketon платформасынан, Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы немесе турнирдің ресми сайтынан сатып алуға болады. Сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер үшін жарыстардың ресми онлайн-трансляциясы ұйымдастырылады.

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды