jasqazaq.kz

Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді: қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

20 маусым, 17:54

21 маусым күні Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық кешенді арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін елордадағы №1 индустриялық парк аумағында ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығу барысында Индустриялық парк аумағында автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
«Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған ақпарат таратпау сұралады», — делінген хабарламада.
Жаттығудың мақсаты – күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пыпысықтау.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді