jasqazaq.kz

Astana AI Film Festival: Әлемнің 90 елінен 1900-ден астам өтінім түсті

07 тамыз, 19:34

Астанада 1900-ден астам өтінім түскен халықаралық ЖИ-фильмдер фестивалі өтеді.
Астанада жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі – Astana AI Film Festival шарасына дайындық жалғасуда.
Бүгінгі таңда конкурсқа әлемнің 90-нан астам елінен 1900-ден астам өтінім түсті.
Фестивальді ұйымдастыру және дайындау мәселелері Astana AI Film Festival қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысында талқыланды.
Қатысушылар конкурстық бағдарламаны, Astana Digital Bridge аясында өтетін шараның өту форматын, сондай-ақ қатысушылар мен халықаралық қонақтарды қабылдау мәселелерін қарастырды.
Фестивальге ең үлкен қызығушылықты АҚШ, Үндістан және Қазақстан кинематографистері танытты.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, өтінімдер үлесі төмендегідей бөлінді:

АҚШ – 17%;

Үндістан – 10%;

Қазақстан – 8%;

Оңтүстік Корея мен Қытай – 5%-дан;

Ұлыбритания – 4%;

Ресей мен Гонконг – 3%-дан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өтінімдердің мұндай географиясы әлемдік киноиндустрияның фильм жасауда жасанды интеллектіні қолдануға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Фестивальдің халықаралық қазылар алқасының құрамына мәдениет, кино және технология саласының танымал өкілдері енді.
Олардың қатарында ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одрэ Азуле, China Film Group өкілі Ма Пин және Бейжің киноакадемиясының өкілі Ван Хао бар.
Astana AI Film Festival фестивалінің бас серіктесі – Freedom Holding Corp.
Astana AI Film Festival Астанада 2026 жылдың 1–3 қазаны аралығында Astana AI Week шеңберінде өтеді.

Бағдарламада мынадай шаралар жоспарланған:

Жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын ЖИ-фильмдердің халықаралық конкурсы;

Жасанды интеллект және кино тақырыбындағы конференция;

Жобалар питчингі;

Көпшілікке арналған кинокөрсетілімдер;

ЖИ, кино және цифрлық шығармашылық саласындағы сарапшылармен кездесулер.
Конкурстың басты тақырыбы – «The future worth living in» («Өмір сүруге тұрарлық болашақ»).
Сондай-ақ бес номинацияны қамтитын ашық конкурстық секция қарастырылған. Өтінім қабылдау 2026 жылдың тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Фестивальдің ресми бағдарламасына енген туындылар алғаш рет көрермендерге үлкен экранда – Астанадағы Chaplin кинотеатрында ұсынылады.
Іскерлік бағдарлама Digital Bridge форумы аясында өтіп, халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін пленарлық және панельдік сессияларды, шеберлік сабақтары мен воркшоптарды қамтиды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, Astana AI Film Festival өткізу кинематографтың жаңа бағытын дамытуға арналған алаңға айналады, онда жасанды интеллект фильм түсіру процесін ғана емес, контент өндірісінің өзіне деген көзқарасты өзгертеді.

Сурет: Astana AI Film Festival қоры

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар