jasqazaq.kz

ASPAN FEST мега фестиваліне 15 мың адам қатысты

25 тамыз, 12:58

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласыны орталық алаңында ASPAN FEST мега фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Маусым айында бастау алған мәдени іс-шара Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарын әр ай сайын әуезді әуенмен шатттандырды.

Биыл жаз айларында Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары отандық эстрада жұлдыздарының музыкалық шоуын тамашалауға мүмкіндік алды. Фестивальге келушілер үшін демеушілердің қолдауымен ұтыс ойындары да өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды кештердің тегін өтуіне облыс әкімдігі қолдау көрсеткен.

– Фестивальге елге танымал көптеген эстрада жұлдыздары қатысты. Шара аясында өз өнерпаздарымызда сахнада өнер көрсетті. Фестиваль Алматы облысының тұрғындарына серпіліс сыйлау мақсатында демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған. Осылай қала тұрғындары мен қонақтарына көңілді кеш, ұмытылмас әсер сыйлауға күш салдық,– деді облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбетәлиев.

Облыс орталығында өткен ASPAN FEST мега фестивалінің жабылу салта-тында сахна төрінде Қайрат Нұртас, «МузАРТ» тобы, Әбдіжаппар Әлқожа, Заттыбек Көпбосынұлы, Raim, Alem, сондай-ақ Зарина Омарова, Райым Уайс, Дана Кентай және өзге де өнерпаздар өнер көрсетеді. Фестиваль барысында көрермендерге арналған арнайы бағдарламалар мен сыйлықтар ойнатылып, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндіру жұмыстары жүрілді. Айта кетейік, мега фестивальдің жабылу салтанатына 15 мыңнан астам көрермен жиналып, белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Көрермендер биылғы ASPAN FEST мега фестивалінің жоғары деңгейде өткенін айтты.

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу