jasqazaq.kz

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

03 қыркүйек, 13:09

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Арман Қырықбаев 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) «экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.
1997-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
2002 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы.
2002-2005 жылдары – «АВЕ Корпорация» ЖАҚ стратегия және мониторинг департаментінің директоры.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры.
2006-2008 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2014-2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
2020-2022 жылдары – «Nur Otan» партиясының хатшысы.
2022 — 2024 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
2024-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі.
2025 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде