jasqazaq.kz

Алматылықтар таңғалдырудан жалықпайды: сайлауға Одиссейдің өзі келді

23 тамыз, 13:27

Алматылықтар тағы да бұл қалада тіпті дауыс беру күнінің өзін креативке толы ерекше оқиғаға айналдыруға болатынын көрсетті. Бүгін Бостандық ауданындағы №63 мектепте орналасқан №230 сайлау учаскесіне Одиссейдің өзі келді.Аңыз кейіпкерінің бейнесін сомдаған Жарас Наурызбаев сайлау учаскесіне дауыс беру үшін ғана емес, символдық мәні бар ойды жеткізу үшін келген. Таңдауыңа апарар жол кейде ұзақ әрі оңай болмауы мүмкін. Бірақ сол жолдағы әр қадам маңызды. Демек, әрбір дауыстың да маңызы бар.Бұл жолы Одиссей жалғыз болған жоқ. Онымен бірге Пенелопа да келді. Кейіпкердің сүйіктісі әрі адал серігінің бейнесіндегі Наргиз Лесбекова жұбайының шығармашылық идеясына қолдау білдірді.Осылайша алматылықтар креативке деген сүйіспеншілігін тағы бір мәрте көрсетті. Шығармашыл жандардың, киносүйер қауымның, жазғы серуен мен тауға шығуды ұнататындардың және ерекше оқиғаларды бағалайтындардың қаласы бұл жолы сайлау күніне ежелгі грек мифологиясының да бояуын қосты.

Бір жерде дауыс беру тек бюллетень мен сайлау жәшігімен байланыстырылса, Алматыда бұл науқанға шығармашылықпен қарайды. Мұнда таңғы жаттығудан кейін сайлау учаскесіне келуге, музыканттарды кездестіруге, ұлттық ойындар ойнауға болады. Ал бүгін тіпті ежелгі грек эпосының кейіпкерлерімен бірге сайлауға баруға мүмкіндік туды.Одиссей жолын соңына дейін жүріп өтті. Ал бүгін оның алматылық кейіпкері де маңызды қадам жасап, сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.

Ал осы күнгі Алматының басты ұраны қарапайым секілді: сайлау – маңызды оқиға. Бірақ оны креативпен өткізуге болмайды деп кім айтты?

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар