jasqazaq.kz

Алматыда жол ортасында ер адамды ұрып құлатқан жүргізуші қамауға алынды

12 тамыз, 14:19

Алматыда жол ортасында ер адамды ұрып, видеосы резонанс тудырған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Алматы полициясына сілтеме жасап.

Жарияланған бейнекадрларда жанжалға қатысушылардың бірі екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.

Аталған факт бойынша полиция тарапынан дереу сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция жолдағы кез келген жанжалды жағдайлар тек заң аясында шешілуі тиіс екенін еске салады. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар