jasqazaq.kz

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

05 шiлде, 15:12

 

Алматы қаласында Ұлттық домбыра күніне орай қала әкімдігінің қолдауымен «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды. Алатау дәстүрлі өнер театрының ашық алаңында өткен мәдени шараға мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, қазақтың төл өнері мен ұлттық мәдениетінің мерейін асырған ерекше кештің куәсі болды.

Кеш барысында еліміздің танымал дәстүрлі және эстрада өнерпаздары бір сахнада бас қосып, көрерменге ұлттық нақыштағы бай концерттік бағдарлама ұсынды. Сахна төрінде «МузАРТ» тобы, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Бағлан Бәбіжан, Тілеулес Құрманғалиев, Нұркен Әшіров, Ұлжан Байбосынова, Шолпан Даржанова, Мұрат Әбуғазы, Ардақ Исатаева, Ардақ Елеусіз, Тоғжан Үмбет, Еркін Шүкіман, Сая Махамбет, «Қоңыр» тобы, «Құрманғазы» оркестрі, «Салтанат» би ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық өнердің терең тамыры мен өміршеңдігін айшықтайтын әсерлі туындыларын орындады.

Концерт барысында күй мен терме, халық әндері мен заманауи музыкалық шығармалар үндесіп, ұлттық өнердің дәстүрі мен бүгінгі тынысын тоғыстырған мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылды. Домбыраның күмбірлеген үні көрерменге халқымыздың тарихын, рухын, елдік мұратын және ұлттық бірегейлігін терең сезіндіріп, ерекше рухани әсер сыйлады.

«Домбыра – дастан» мерекелік концерті қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоция сыйлады. Ашық аспан астындағы мәдени кеш ұлттық өнерді дәріптейтін маңызды алаңға айналып, түрлі буын өкілдерін ортақ рухани құндылықтар төңірегінде тоғыстырды.

JQ-Aqparat

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде