jasqazaq.kz

Алматыда түлектер автокортежі тоқталып, 21 ата-ана жауапқа тартылды

25 мамыр, 14:32

Алматыда тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған мектеп түлектерінің автокөліктерін тоқтатты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, соңғы қоңырауға арналған салтанатты іс-шара қарсаңында мектеп түлектері автошеру ұйымдастырған.

— Мұндай шараларға тыйым салынатыны туралы ескертуге қарамастан бір топ түлек жол қозғалысы қауіпсіздігін өрескел бұза отырып, қала көшелерімен автокортеж ұйымдастырған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды, — деп хабарлады департаменттен.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көзделген көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактілері бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырды. Көлік құралдары мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді