
Toyota көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды тоқтау туралы талабына бағынбай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Оны ұстау үшін бірнеше патрульдік полиция экипажы жұмылдырылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Қуу Сейфуллин даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысына дейін жалғасып, сол жерде тәртіп сақшылары көліктің жолын бөгеп, жүргізушіні ұстады.
Кейін сот-наркологиялық сараптама нәтижесінде 42 жастағы ер адамның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді. Енді ол көлік құралын мас күйде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды тоқтау туралы талабын орындамағаны үшін сот алдында жауап береді.
Ең бастысы – қауіпті жүргізуші дер кезінде тоқтатылды. Оның жолын жалғастыруы жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді.