jasqazaq.kz

Алматыда дрифт жасаған кезекті жүргізуші жазаланды

10 маусым, 12:21

Алматыда «BMW» автокөлігінің жүргізушісі түнгі уақытта жол ережелерін өрескел бұзған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 3 шамасында ол көшеде дрифт жасап, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қоғамдық тыныштықты бұзған.

– Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстады. Жүргізушіге қатысты бірден 6 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар рәсімделді, — деп хабарлады департаменттен.

Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Ал жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды.

Бұған дейін де Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізушілер ұсталғанын жазғанбыз.

inform.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар