jasqazaq.kz

Алматыда әнші Ринат Шамшырақ әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Видео)

28 шiлде, 16:14

Алматы қаласында әнші Ринат Шамшырақ әлеуметтік желіде жарияланған бейнероликтен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбада Lixiang L7 автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны анықталған.

Тексеру барысында көлік жүргізушісі мен жолаушы әйелдің жеке басы анықталды. Сондай-ақ, көлікте бала арнайы балаларға арналған қауіпсіздік орындығынсыз тасымалданғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, жүргізуші көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолданған және қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзған.
Полиция мәліметінше, Ринат Шамшыраққа қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, оған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ескерту жасалды.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар