jasqazaq.kz

Алматы тауларында 4317 метр биіктікте адасып кеткен екі қыз құтқарылды

07 шiлде, 9:23

Бүгін түнде 112 қызметіне Сәтбаев шыңына көтерілген 2007 және 2008 жылы туған екі қыздың белгіленген уақытта оралмай, байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жедел аттанды. Құтқарушылар Үлкен Алматы көлі ауданынан Сәтбаев шыңына дейінгі биік таулы бағытты тексерді.

Іздестіру жұмыстары барысында турист қыздар теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте, Сәтбаев шыңы маңынан табылды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге жеткізді.

ТЖМ мәліметінше, іздестіру-құтқару операциясы сәтті аяқталды. Қыздарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді