jasqazaq.kz

Алматы супермаркетінде жанжал шығарған әйел жауапкершілікке тартылды

20 маусым, 10:15

Әлеуметтік желілерде әйел адамның супермаркет қызметкеріне қатысты агрессивті әрі әдепсіз әрекет жасағаны бейнеленген видео таралуда.

Аталған оқиға Алматы қаласында орын алған. Жанжалдың туындауына себеп болған азаматшаның жеке басы анықталды.

Алматы қаласы  полиция департаментінің хабарлауынша, осы  оқиғаға  қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталып, сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп талаптарын қатаң сақтауға шақырады және агрессияның, әдепсіз мінез-құлықтың, сондай-ақ қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін кез келген арандатушылық әрекеттердің жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қолданылады.

Сонымен қатар азаматтардан құқыққа қайшы контентті таратудан бас тартуды сұрайды. Өйткені мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жауапкершілік көзделген.

Азаматтардың өзара сыйластығы мен ынтымағы, сондай-ақ Заң мен Тәртіп қағидаттарын мүлтіксіз сақтау – қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі.

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар