jasqazaq.kz

Коттедж жалдау, алкоголь және кортеж ұйымдастыру: Алматы полициясы мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасады

21 мамыр, 11:36

Соңғы қоңырау қарсаңында Алматы қаласының полициясы мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев бұл күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Жыл сайын мерекелік іс-шаралардың бақылаудан шығып кететін жағдайларымен бетпе-бет келеміз. Әсіресе коттедждерді жалға алу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, сондай-ақ автокөліктермен қауіпті серуендер ұйымдастыру және “кортеждер” үлкен алаңдаушылық туғызады.

Жасөспірімдер әсерлі бейнеролик түсіреміз деп жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жағдайда, оның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дегенмен ата-аналар мен педагогтердің қолдауынсыз балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес.

Осыған байланысты ата-аналардан балаларды бақылаусыз қалдырмауды, олардың автокөлікпен жүруіне жол бермеуді және үнемі байланыста болуды сұраймыз», – деді Тимур Ноғайбаев.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Сурет: Видеодан кадр
Бүгін, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
Бүгін, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы