jasqazaq.kz

Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді

27 маусым, 19:23

Алматы облысында халықтың ұлттық рухын оятып, дархан даланы думанға бөлеген «Қымызмұрындық – 2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Биыл бұл мерекеге еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шет елдерден 35 мыңға жуық қонақ келді. Фестивальде ұлттық спорт түрлерінен түрлі сайыстар өтіп, мереке қорытындысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды.

Мереке барысында Мыңжылқының төсін дүбірлеткен мың жылқының көрінісі жиналған көпшіліктің назарын өзіне ерекше аударды. Жер тарпыған жылқылар дүбірін естігенде, елең етпеген ел қалмады.

Дүйім жұрттың жігер, намысын жанып өткен бәйгенің де орны ерекше болды. Биыл бұл жарыста екі жүзге жуық таңдаулы шабандоз бақ сынады.
Жүлде қоры да қомақты болды. Аламан бәйгенің жеңімпазы Jetour X70 FL Prestige автокөлігінің иегері атанды. Екінші орынға – 2,5 миллион теңге, үшінші орынға 1 миллион теңге берілді.

«Түйе палуан» жарысы да жанкүйерлер назарындағы басты бәсекелердің біріне айналды. Білекті балуандар күш сынасатын сайыстың жеңімпаздары да жүлделі сыйлықтардан қалыс қалған жоқ.

«Қошқар көтеру» жарысын да көпшілік қызыға тамашалады. Сырттай қарағанда қарапайым көрінгенімен, бұл сайыс зор күш-қуатты, төзімділікті, қолдың қарымын және дұрыс әдіс-тәсілді талап етеді. Дәстүр бойынша қошқарды ең көп көтерген спортшы оны өз жүлдесі ретінде алды.

«Алыптар сайысында» қатысушылар найза лақтыру, темір шыбық ию, ауыр тасты көтеріп жүру, 100 келілік бөренемен жаттығу және 500 келілік арбаны сүйреу секілді қиын акробатикалық тәсілдерді көрсетті. Сайыс жеңімпазы 1,5 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленсе, өзге жүлдегерлерге де қомақты ақшалай сыйақылар табысталды.

Негізгі жарыстардан бөлек фестивальде қол күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, қой қырқу және көшпелі өмірдің ажырамас бөлігіне айналған өзге де ұлттық сайыстар өткізілді.

Қарқара жайлауында ұйымдастырылған бұл мереке ұлттық спорттың мерейін үстем етіп, қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеген маңызды мәдени шара ретінде есте қалды.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар