jasqazaq.kz

Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі басталды

27 маусым, 13:47

Алматы облысының Кеген ауданы Қарқара жайлауында дүйім жұрт асыға күткен «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық шарасы басталды. Аталмыш мереке абыз баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен қатар келіп, биыл 5-рет ұйымдастырылып отыр. Мерекеге еліміздің түкпір-түкпірінен, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасынан қонақтар келуде. Қымыз тойына барлығы 35 мыңға жуық мейман қатысады деп күтілуде, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Таң сәріден Қарқара жайлауына жиналған жұртшылық түрлі бағыттағы тақырыптық алаңдарды аралап көрді. Жүзден астам киіз үйден құралған этноауылда қонақтар қазақ халқының бай мәдениетінен сыр шертетін көрмені тамашалады. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің, суретшілердің туындылары ұсынылып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жергілікті өндірушілердің өнімдері таныстырылды. Қолөнерге қызығатын жандарға шеберлік сағаттары өткізілуде. Ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптың айшығы болған тарихи жәдігерлер көрмесі де халықтың ерекше назарына ілікті.

Қымыз тойында сондай-ақ ұлттық ойындардан түрлі сайыстар өткізіліп, Мыңжылқы атырабын дүбірге бөлеуде. Атап айтқанда, спортшылар ат бәйгесі, қазақ күресі, алыптар сайысы, теңге ілу, асық ату, қой көтеру сынды жарыстардан сынға түсуде.

Сонымен бірге «Топжарған» этно-өнер орталығының шоу бағдарламасы, «Толағай» өнер орталығының қойылымдары, облыс өнерпаздары мен танымал эстрада жұлдыздарының концерті қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Балаларға арналған аймақта аттракциондар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу, шахмат және тоғызқұмалақ жарыстары өткізілуде. «Қымызмұрындыққа» келген көпшілік ұлттық сусынымыз қымыздан дәм татып, ұлттық тағамнан ауыз тиіп, мәре-сәре болуда.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар