jasqazaq.kz

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі : Келушілер қарасы мол

23 тамыз, 17:34

Елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауын халықаралық байқаушылар да бақылап жүр. Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі Еуген Душаллари Астанадағы бірнеше сайлау учаскесін аралап, дауыс берудің ұйымдастырылуына оң баға берді. Ол сайлаушылар үшін қажетті жағдай жасалып, үдеріс өз ретімен жүріп жатқанын жеткізді.
Арнаулы делегация Астанадағы №128 сайлау учаскесіне барып көрді. Бірнеше учаскедегі жағдайды салыстыра сараптаған халықаралық өкіл дауыс беру рәсімінің жинақы әрі жүйелі ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.
«Көзімізге оттай басылғаны – мұнда әрбір дауыс берушіге жағымды әрі жайлы жағдай жасалғандығы. Ұйымдастырушылар жылы қабақпен қарсы алып, бағыт-бағдар көрсетіп жатыр. Келушілер қарасы мол. Әзірге заңға қиғаш жайттарды байқаған жоқпыз. Бәрі өз ретімен өтіп жатыр», – деді Еуген Душаллари.
Албаниялық бақылаушы еліміздегі саяси өзгерістерге де тоқталды. «Қазақстан қос палаталы Парламенттен бір палаталы Құрылтайға көшкелі жатыр. Расында, бұл әлемдік тәжірибеде бар және нәтижелі үрдіс», – деді арнаулы өкіл.
Бұдан бөлек албаниялық мейман Астана қаласы туралы әсерін де жасырмады. Елорданың еңселі ғимараттары мен кең көшелері жанға жайлылық сыйлайтынын атап өтті. Сайлау күні жаңбырлы болғанымен, адамдардың мерекелік көңіл күйде жүргенін жылы жымиып жеткізді.
 

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты