jasqazaq.kz

Әл-Фарабидегі жол апаты: Прокурор Zeekr жүргізушісін он жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

22 маусым, 12:40

Бүгін Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сот ісі жарыссөзге жалғасты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Прокурор Әлібек Күмісбеков сотталушының кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденгенін атап өтті. Ол Александр Пакты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде он жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Прокурордың айтуынша, бұл қайғылы оқиғаның кінәлісі көлік тізгініне отырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, жылдамдықты шамадан тыс асырған әрі алкогольдік масаң күйде болған. Сонымен қатар, Александр Пак сот барысында өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

«Zeekr автокөлігінің соқтығысар алдындағы жылдамдығы шамамен сағатына 219 шақырым болған. Бұл көрсеткіштің өзі ешқандай түсініктемені қажет етпейді. Қала ішінде түнгі уақытта, масаң күйде осындай жылдамдықпен көлік басқару – жай ғана абайсыздық емес, айналадағы адамдардың өміріне саналы түрде өлім қаупін төндіру. Алкоголь мен көлік жүргізу – мүлде үйлеспейтін ұғымдар, ал жылдамдық – ерлік емес, жауапкершілік өлшемі. Осы іс бойынша шығарылатын үкім жолды өз-өзін дәлелдейтін орын деп санайтын әрбір адамға нақты ескерту болуы тиіс. Заңның бар қатаңдығымен жауап беру қажет. Әділ жазаның бұлжымай орындалуы ғана тоқтатуға келмейтіндерді тоқтата алады», – деді Әлібек Күмісбеков.

Жәбірленуші тараптардың барлығы бұл жағдайдың өздері үшін ауыр сынақ болғанын мәлімдеді. Соған қарамастан, олар жол апатына кінәлі адамды әлсіздік танытқандықтан емес, адамгершілік тұрғысынан кешіргендерін айтты. Сонымен бірге соттан оған заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады.
Ал Томирис Қыдырбаеваның әкесі Александр Пактан 100 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіріп беруді талап етті.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық