jasqazaq.kz

Әл-Фарабидегі жол апаты: қаза тапқан үшінші қыздың отбасы сотталушыны кешірді

08 маусым, 12:28

Алматыда үш жас адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты сот процесі жалғасуда. 8 маусымда сотта 2005 жылы туған үшінші марқұм қыздың отбасы сөз сөйледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz Tengrinews-ке сілтеме жасап.

«21 наурыз күні таңғы сағат 9-да маған қайғылы оқиға туралы хабарлады. Осыдан кейін мәйітханаға барып, қызымды таныдым. Мен оның туған анасымын. Қазіргі уақытта ешқандай талабым жоқ. Барлығы заң аясында, соттың шешімімен болсын», – деді ол.

Сондай-ақ анасы бұл туралы өтінішті өз қолымен жазғанын айтты.

«Ешқандай шағымым жоқ. Сотталушыға да, басқа ешкімге де», – деді ол.

Бұдан бөлек, сот отырысында жазбаша өтініш оқылды.

«Жол-көлік оқиғасының ауыр салдарына және қызымның қазасына қарамастан, мен және жақын туыстарым А.П.-ты кешіреміз және онымен толық татуластық. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді, кешірім сұрады, келтірілген материалдық шығын мен моральдық зиянды толық өтеді. Қазіргі уақытта менің де, туыстарымның да А.П-ке қатысты материалдық немесе моральдық талаптары жоқ және болашақта да болмайды. Татуласу ерікті түрде жүзеге асты, оның құқықтық салдары бізге түсіндірілді. Бұл шешім саналы түрде қабылданды», – делінген өтініште.

Сурет: zakon.kz

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді