jasqazaq.kz

Ақтөбеде түнгі клубты тінту кезінде 17 адам полицияға жеткізілді

18 тамыз, 10:34

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында  Ақтөбе қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Тексеру барысында клубтың ерлер дәретханасынан есірткіге ұқсас үш орам табылып, тәркіленді. Сонымен қатар металл кастет пен екі жиналмалы пышақ анықталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз өызметіне сілтеме жасап.

Бар сөресінің маңынан төрт кальян табылды. Бұдан бөлек, тексеру кезінде ойын-сауық орнында 17 жастағы жасөспірімнің болғаны анықталды. Бұл – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына қатысты заң талаптарын бұзу. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ойын-сауық орнының әкімшілігіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы, 441-бабының 1-бөлігі және 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған баптар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беруге, темекі өнімдерін тұтынуға белгіленген тыйымды бұзуға және алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заң талаптарын сақтамауға қатысты.

Сонымен қатар тексеру барысында клубтың күзет қызметкерлерінің тиісті еңбек шартын жасаспай жұмыс істегені анықталды. Жалпы, полиция бөліміне 17 адам жеткізілді. Тәркіленген заттар олардың құрамын және есірткіге немесе айналымына тыйым салынған өзге де заттарға қатыстылығын анықтау үшін тиісті зерттеуге жолданды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтауға және ықтимал қылмыстық әрекеттерді құжаттауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Зерттеу нәтижелері мен тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Полиция ойын-сауық орындарында құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл ретте заң талаптарының сақталуына, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

Сурет: Polisia.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар