jasqazaq.kz

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

28 тамыз, 16:49

Бүгін «Қазақстан Республикасының
Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес, Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.
Құрылтай Төрағасын сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өткізілді.
Сөйтіп Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебай сайланды.
Айбек Дәдебай 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтады.
2001-2002 жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болды.
2008-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, ҚР Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.
2011-2013 жылдары ҚР БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе.
2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
2019-2021 жылдары ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.
2021 жылдың мамыры — 2022 жылдың қаңтар аралығында ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары.
2022 жылы ҚР Президенті Іс басқарушысы. 2024 жылы Президент Әкімшілігінің Басшысы болды.
2026 жылдың мамыр айынан Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын