jasqazaq.kz

Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады

30 шiлде, 19:51

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық музыкалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған қазақстандық жас өнерпаздармен кездесті. Кездесуге Ақерке Амалят, Жасмина Түзелова, Ален Бәсен, сондай-ақ олардың ұстаздары мен ата-аналары қатысты.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысы елдің орнықты дамуының басты алғышарты саналатын адами капиталды дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті. Президент өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық бірегейлікті нығайтуда мәдениет пен өнердің орны ерекше екенін үнемі айтып келеді. Жаңа Конституцияда мәдениет пен ұлттық құндылықтар мемлекетті дамытудың маңызды негіздерінің бірі ретінде бекітілген. Сондықтан дарынды балалар мен жастарды қолдау – ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция.
«Бүгін сіздермен бірге бүкіл Қазақстан қуанып отыр. Осындай әрбір жеңіс – еліміздің ортақ жетістігі. Бұл биік нәтижелердің артында жас өнерпаздардың таланты мен табандылығы, ұстаздардың кәсіби шеберлігі және ата-аналардың қолдауы тұр. Қазақстандық балалардың халықаралық сахнада өз өнерін сенімді танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі отандық өнер мектебінің деңгейі биік екенін көрсетеді. Сіздерге жаңа жеңістер мен шығармашылық табыс тілеймін», – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Ақерке Амалят 2026 жылы өткен «Витебскідегі славян базары» XXXV халықаралық өнер фестивалінің эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орынды иеленіп, «Лира» арнайы сыйлығына ие болды.
Жасмина Түзелова аталған фестиваль аясындағы балалар байқауында ІІ орынды жеңіп алды. Сонымен қатар оған авторлық ән жазуға мүмкіндік беретін арнайы сертификат табысталды.
Жас виолончельші Ален Бәсен Италияда өткен Rovere d’Oro XXXVII халықаралық музыка байқауының жеңімпазы атанды. Ол «Жас таланттар» секциясының екінші жас санатында мүмкін болған 100 ұпайдың 100-ін жинап, Primo Premio Assoluto марапатына ие болды.

Кездесу барысында жас орындаушылардың кәсіби қалыптасуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналардың еңбегі де ерекше аталып өтті.

Байқау жеңімпаздары, олардың ата-аналары мен ұстаздары халықаралық өнер додаларынан алған әсерлерін жеткізді. Сондай-ақ дарынды балаларға көрсетіліп жатқан қолдау үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Қатысушылар мәдениет пен өнерді дамытуға көрсетілетін қолдау және жаңа мүмкіндіктер жетістіктерге жетелейтінін айтты.

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты