jasqazaq.kz

«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

02 маусым, 17:43

Қазақстандағы бірқатар ірі қоғамдық бірлестіктер, салалық қауымдастықтар мен кәсіби ұйымдар «Әділет» саяси партиясымен ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін жеткізді.
Партияны қолдаушылар қатарында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің, үкіметтік емес сектордың, волонтерлік қозғалыстың, кәсіби қауымдастықтардың, бизнес, ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, экология, IT және креативті индустрия салаларының мүддесін қорғайтын ұйымдар бар.
Бүгінгі таңда «Әділет» партиясын қолдайтынын мәлімдеген ұйымдардың қатарында «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан тау-кен палатасы, Қазақстан автомобиль одағы, Медициналық және фармацевтикалық бизнес ұлттық қауымдастығы, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы, Women in Tech Kazakhstan, Қазақстанның креативті индустриялар альянсы, Қазақстан кинематографистер лигасы, Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы, ҚР әлеуметтік инноваторлар қауымдастығы, SOCIAL INNOVATION HUB, «Жаңа адамдар» қоғамдық бірлестігі, «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігі және басқа да ұйымдар бар.
«Әділет» партиясы алдағы уақытта да азаматтық қоғам институттарымен, кәсіби қауымдастықтармен, сарапшылар мен елдің барлық өңірлеріндегі бастамашыл азаматтармен өзара іс-қимылды нығайта береді.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар