jasqazaq.kz

«Әділет» партиясы жалған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады

16 маусым, 10:14

«Әділет» партиясы әлеуметтік желіде тарала бастаған жалған аккаунттар мен парақшаларға қатысты ресми мәлімдеме жариялады:
«Әлеуметтік желілерде «Әділет» партиясының атауын заңсыз пайдаланып, өзін партияның ресми өкілдігі ретінде таныстыратын жалған аккаунттар мен парақшалар анықталды.
Бұл ресурстар арқылы партиялық билеттер беру, партия мүшелерін тіркеу және партияның қызметіне қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр.
Аталған аккаунттардың «Әділет» партиясына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми мәлімдейміз. Олар арқылы таратылатын кез келген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Партияның тек ресми ақпарат көздеріне сену керегін еске саламыз: adilet_partiyasy, t.me/adilet_partiyasy, https://adilet-partiyasy.kz.
Партияның атауы мен рәміздерін заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратып, азаматтарды жаңылыстырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Анықталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
Азаматтардан жеке деректерін бейтаныс адамдарға бермеуді және «Әділет» партиясының ресми байланыс арналарына ғана жүгінуді өтінеміз».

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар