jasqazaq.kz

Әділет» партиясы облыстық филиалдарының басшылық құрамын толық жасақтады

02 шiлде, 17:57

«Әділет» партиясы облыстық филиалдарының басшылық құрамын толықтай жасақтады. Қазақстанның барлық өңірінде өткен конференциялардың қорытындысы бойынша филиал басшылары, Саяси кеңестердің мүшелері және Тексеру комиссияларының құрамы сайланды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар қатысушылар партияның облыстық филиалдарының басшылық органдарын жасақтау мәселесін талқылады.

Дауыс беру нәтижесінде партияның барлық облыстық филиалдарының басшылық құрамы толық бекітілді.

Облыстық филиалдардың басшылары:

• Алматы облысы – Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы
• Қарағанды обылысы – Алтынбеков Бекзат Құмарұлы
• Жетісу облысы – Есбай Амангелді Ғабдылкәрімұлы
• Ұлытау облысы – Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы
• Ақмола облысы – Беспалинов Берген Маратұлы
• Ақтөбе облысы – Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
• Атырау облысы – Қонарбай Болат Қайроллаұлы
• Шығыс Қазақстан облысы – Мекеева Жанат Жұмағазықызы
• Жамбыл облысы – Қаипов Дәурен Айтасұлы
• Батыс Қазақстан облысы – Бектұрған Бауржан Оңталапұлы
• Қостанай облысы – Аққужина Бибігүл Бүркітқызы
• Абай облысы – Ибраев Айдар Маратұлы
• Түркістан облысы – Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
Қызылорда облысы – Базартай Жандос Нұртайұлы
• Маңғыстау облысы – Шағырбаев Имаммахмұт Мұхитұлы
• Павлодар облысы – Туғанбай Асылбек Туғанбайұлы
• Солтүстік Қазақстан облысы – Төренова Қалия Батталқызы
• Астана қаласы – Қыстаубаев Мағжан Геройханұлы
• Алматы қаласы – Канкуров Станислав Владимирович
• Шымкент қаласы – Жолдықожаев Мұрат Жаңабайұлы

Саяси кеңестердің құрамына 808 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес өкілдері – 22,8%, білім және ғылым саласының мамандары – 13%, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ өкілдері – 10,2%, мәдениет және спорт саласының өкілдері – 8,9%, өнеркәсіп саласының мамандары – 7,5%, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының өкілдері – 6,7%, денсаулық сақтау қызметкерлері – 5,6%, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – 5,4%.
Тексеру комиссияларының құрамына 100 адам сайланды. Олардың басым бөлігі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және құқық салаларында тәжірибесі бар мамандар.
Осылайша, «Әділет» партиясының облыстық филиалдарын құруды ұйымдастыру кезеңі толық аяқталды. Енді филиалдар өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партия бастамаларын іске асыруға және жергілікті бөлімшелердің қызметін дамытуға кіріседі.

JQ-Aqparat

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін