jasqazaq.kz

«Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02 шiлде, 16:32

Қонаев қаласында «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының конференциясы өтті. Жиын қорытындысы бойынша облыстық филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» үндеуін қолдау мәселесі қаралды. Сонымен қатар, делегаттар облыстық филиалдың басшылық құрамын қалыптастыру бойынша шешім қабылдады.

Ашық дауыс беру нәтижесінде Данияр Алдабергенұлы Қасқарауов «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының басшысы болып сайланды. Ол кәсіпкерлік, қоғамдық және қоғамдық-саяси қызметте мол тәжірибе жинаған. Жаңа қызметінде Данияр Қасқарауов облыстық филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттарын іске асыру және азаматтармен байланысты нығайту бағытында жұмыс жүргізеді.

Саяси кеңес құрамына кәсіпкерлік, банк секторы, өндіріс, әлеуметтік сала, мәдениет, спорт, білім, табиғат қорғау саласы, қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары және өңірдің қоғамдық-экономикалық өміріне қатысы бар өзге де бағыттардың өкілдері енді.

Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына ұйымдастырушылық, қаржы-шаруашылық, құқықтық және қоғамдық жұмыс тәжірибесі бар мамандар сайланды.

Осылайша, «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының басшылық құрамы толық жасақталды. Алдағы уақытта облыстық филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізіп, партиялық бастамаларды іске асыруға, сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысты күшейтуге кіріседі.

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар