jasqazaq.kz

«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай

Бүгін, 19:01

Әділет» партиясында Саяси кеңестің отырысы өтіп, онда ұйымдық даму, өңірлік құрылымды нығайту мәселелері мен партия жұмысының алдағы бағыттары талқыланды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының құрылуы қоғамның әділдікке деген ұмтылысы мен қазақстандықтардың белсенді қолдауының нәтижесі екенін атап өтті. Партия мүшелерінің алдында қоғамдық бастамаларды, кәсіби тәжірибені және белсенді азаматтарды елді дамыту жолында топтастыра отырып, орталықта және өңірлерде тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру міндеті тұр. «Бүгінде әділдік идеясын қоғам барған сайын кеңінен қолдап келе жатқанын көріп отырмыз. Партия төңірегіне еңбек адамдары, кәсіби қауымдастық өкілдері, жастар мен қоғам қайраткерлері бас қосып жатыр. Алдымызда өңірлерде тиімді ұйымдар құру, партиялық басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру, партияның мықты сараптамалық және кадрлық әлеуетін жасақтау міндеті тұр. Ең бастысы — азаматтардың сенімін ақтауымыз керек. Біз Мемлекет басшысының барлық прогрессивті күштерді Әділетті Қазақстан идеясының төңірегіне топтастыру жөніндегі үндеуін қолдаймыз және нақты бастамалар, ашық диалог пен жауапты жұмыс арқылы осы бағытты іске асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз», – деді партия төрағасы Айбек Дәдебай. Отырыста 14 маусым күні Астанада өтетін партияның ІІ съезіне дайындық пысықталып, партиялық құрылымды одан әрі дамытуға және өңірлердегі жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды. Талқылау барысында Саяси кеңес мүшелері партия жұмысының алдағы негізгі бағыттарын қолдады. «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аят Сүгірбай партиялық құрылымды нығайту мен өңірлердегі жұмысты дамытудың маңызын атап өтті. Ал саясаттанушы Бүріхан Нұрмұхамедов қоғамды әділдік, жауапкершілік және елдің жасампаз дамуы жолында күш біріктірудің маңыздылығына тоқталды. Айта кетейік, партия қоғамдық және кәсіби бірлестіктермен ынтымақтастықты арттырып, Әділетті Қазақстанды дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша жаңа бастамалар әзірлеп жатыр.

Бүгін, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
Бүгін, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
Бүгін, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
Бүгін, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики
04 маусым, 13:24
В Туркестанской области с начала года создано более 35 тысяч рабочих мест
03 маусым, 19:17
Алматыда көлік инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүріп жатыр?