jasqazaq.kz

Абайлаңыз, алаяқ келін!

09 қыркүйек 2022, 11:56

«Әдепті келін – ауылдың көркі» деген тәмсіл қай кезде де маңызды. Дана халқымыздың дәстүрінде келіннің өзіндік орны мен рөлі бар. Сондықтан «ертеңгі күні ақ босаға аттап, аяулы жар болғанда әдепті келін атан» деп қызға қырық үйден тыйым салып отырған. Халқымыз қашанда қыз балаға ұрпақ жалғастырушы, әулеттің құт-берекесі, ұлт болашағының ұйтқысы деп қараған. Әрине, қазір де жас келінге үлкен үмітпен қарайды. Әрбір ата-ана баласының бақытты отбасын құрып, өнегелі өмір сүрсе екен дейді.

Бірақ жақында болған мына оқиға көпшілікті түңілтіп тастады. Оқиғаның мән-жайын басынан бастайын. Бізбен көрші тұратын Жамал апай (есімі өзгертілді – ред.) кенже ұлының үйленетінін айтып, көршілерді үйіне шақырды.

Кешкісін барымызды алып, жас келіннің келуін күттік. Естуімізше, олар бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде танысып, 1-2 рет қана кездесіпті. Оңтүстік өңірдің қызы екен. Сонымен көптен күткен келініміз Жамал апайдың босағасын аттады. Сол үйдің үлкен жеңгелері шашу шашып, ақ жаулық жауып, отқа май құйғызып, шымылдық құрылған бөлмеге апарды. Біз де көрімдігімізді ұстатып, жас келіннің бетінен сүйдік.

Қара қайыстай қара қыз қымсынар емес. «Біз жақтың салты бойынша кешірімге барсаңыздар, алдын ала ақша ала барыңыздар» деп тақылдап отыр. Күйеу жігіттің де құлағына құйып қойса керек, ол да анасының артынан қалмай «Қанша ақша апарады? Кім барады?» деп қақылдай берді.
Осы кезде туыстарының ішінен біреуі: «Ел бар, жұрт бар, ақшаның басын құрап 1000 доллар апарайық», – деді. Туыстарының ішінен алыс жолға шығатын үшеуі таңдалып, қаржыны қалтаға салып, келін жазып берген аймаққа аттанып кетті.

Алматыдан кеш бата аттанған кешірімшілер Түркістан облысының бір ауылына түс ауа жетеді. Қыздың анасымын деп танысқан жасы алпыстан асқан әйелге ақшаны ұстатып, қыздарының жақсы жерге келін болып түскенін айтып, бір шәугім шәйді тауыспастан кері қайтады.
Қызықтың көкесі келін түскен күннен екі тәулік өткеннен кейін басталды. Өздерін қуғыншылар, жас келіннің аға-жеңгесіміз деп таныстырған ерлі-зайыпты екі адам әй-шәйға қарамай, қызды алып кетеміз дегенге көшті. Туыстары жабылып жатып әрең алып қалды. Бірақ әлгі жас келін екі аптадай келіндік қызметін атқарыпты да, зытып отырыпты.

Күйеу жігітке «Мені іздеме, отбасым, балаларым бар. Ақшаға қатты қысылған соң осындайға бардым» деген хат қалдырыпты.

Етегі жасқа толған Жамал апай «әккі алаяқтың арбауына түсіппіз» деп біраз күн көңілсіз жүрді. Сотқа арыз түсіргісі келмеді. Қыздан көңілі қалған баласының да жүзі солғын көрінді. Кейін осыған ұқсас оқиғалар туралы әлеуметтік желіден оқыдым. Беті аулақ, бірақ мұндай жағдайға әркім де тап болуы мүмкін.

Мақпал Ноғайбаева

17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу