jasqazaq.kz

Абайды ардақтау – ұлтты ұлықтау: Алматы облысында Абай күні аталып өтті

10 тамыз, 19:30
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласында ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Рәсімге Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, ақын-жазушылар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Биыл Абайдың 180 жылдығына орай Алматы облысында 300-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара жоспарланып, оның 47-сі облыстық және аудандық деңгейде ұйымдастырылды.Абай күнін атап өту аясында Қонаев қаласынан бастап Қарасай, Іле, Талғар, Кеген және өзге де аудандарда әдеби кештер, көрмелер, Абай оқулары, дәрістер, фильм көрсетілімдері мен шығармашылық кездесулер өтті. Мемлекеттік архивтегі «Абай әлемі» дөңгелек үстелі, облыстық кітапханадағы «Сөз бен саздың сүлейі – Абай» кеші, Кегендегі «Абай әндері» фильмінің көрсетілімі, Қарасайдағы «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» шарасы, Жаңалық ауылындағы Ақылбайға арналған көрме – соның бір бөлігі. Іле, Талғар аудандарында да ақын мұрасын дәріптеген әдеби-танымдық шаралар ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың барлығы Абайды еске алумен ғана шектелмей, оның білімге, еңбекке, адамгершілікке үндеген ойларын жас ұрпаққа жеткізуге бағытталды.Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні арта түсетін рухани қазына. Сондықтан оны ұлықтау – бір күндік шара емес, ұлттың рухани сабақтастығын жалғастыратын ортақ міндет. Абайды оқу – өзіңді тану. Абайды ардақтау – ұлтты ұлықтау.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар